Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Ақсу қант зауытына барды
- 566
Қазіргі таңда кәсіпорынды жаңғыртудың бірінші кезеңі жүріп жатыр. Зауытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы депутатқа Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров және «Ақсу қант» ЖШС техникалық директоры Берік Немеребаев баяндады.
- Биылғы жылы тәтті тамырды егу алаңы 11,2 мың гектарға жетті. Қант қызылшасын өсіретін 782 шаруа қожалығынан 414,4 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Бұл бір гектардан 370 центнер. Ақсу қант зауыты 150 мың тонна қызылша өңдейді, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.
Өз кезегінде Қуаныш Сұлтанов өңірдің аграрлық саласы өсімінің оң динамикасын атап өтті.
- Көптеген адамдар 10 жыл бойы тұрып қалған зауытты қайта жаңғыртып, қайта іске қосуға болатынына сенбеді. Бірақ, бүгін кәсіпорында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, жалпы ауыл шаруашылығында Қазақстан нарығындағы отандық өнім көлемін арттыруға күш салатындығына көз жеткіздім. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау бойынша Амандық Баталовтың басшылығымен ауыл шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың жоспарлы және кешенді жұмыстарын көрсетеді. Бұл жерде, шаруалар аграрлық саланы дамытуға ынталандыру үшін Үкімет пен заң шығарушы органдар деңгейінде осы бастаманы қолдау өте маңызды. Бұл бізге ауыл шаруашылығына жарамды жердің әрбір гектары экономикаға жұмыс істеп тұрған кезде үлкен экономикалық нәтиже береді, - деп атап өтті Қуаныш Сұлтанов
Зауыт жұмыскерлерінің бастамаларына сәттілік тілеп, Қуаныш Сұлтанов өз сапарын жалғастырды. Одан әрі парламентарий Сарқант ауданына бағыт алды. Бұл жерде депутат жергілікті халықпен кездесіп, Мемлекет Басшысының Жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті төменгі палатасының депутаттары демалысқа шығып, өңірлерге аттанды. Сапар барысында мәжілісмендер өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, азаматтарды қабылдау және бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне жауап береді.