Алматы облысындағы Ақсу қант зауыты 10 жыл бойы тоқтап тұрғаннан кейін іске қосылды
  • 572

Өңірдегі ірі кәсіпорынды қалпына келтіруге облыс әкімдігі, «Энергомост» консорциумы және «Ақсу кант» ЖШС арасында жасалған арнайы келісім жасалды.

«Ақсу кант» ЖШС Бас директоры Мұрат Төлегеновтың айтуынша, зауытты қайта жаңартуға Т15 млрд инвестиция тартылды, оның ішінде Т3 млрд – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ арқылы жабдықты ауыстыруға бөлінді.

«Зауыт жылына 32 мың тонна дайын қант өндіруге қабілетті. Қайта өңдеуге келер болсақ, кәсіпорын жыл сайын 310-350 мың тонна қант қызылшасын өңдей алады», — деп атап өтті М. Төлегенов.

Сондай-ақ, зауытты қайта құру үшін Чехия, Ресей және украиналық өндіріс жабдықтары пайдаланылды. Бүгінгі күні шикізаттың негізгі жеткізушілері Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының қызылша өсірушілері болып табылады.

Биылғы маусымда жергілікті тұрғындар үшін 600-ге жуық жұмыс орнын құрумен 80-100 мың тонна қызылша өңдеу жоспарлануда.

«Мұның барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жетісу қызылшасының бұрынғы даңқын қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасы аясында жасалады», — деді облыс басшысы Амандық Баталов.