Алматы облысында биыл Ақсу қант зауыты 150 мың тонна қызылша қабылдауды жоспарлап отыр
  • 484

Мәжілісмен Қуаныш Сұлтанов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Ақсу қант зауытына барды, деп хабарлайды  tengrinews.kz.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің айтуынша, қант зауытының іске қосылуына байланысты ақсулықтар қант қызылшасының егіс алқабын ұлғайтты. Ақпаратқа сәйкес, қазір зауытта 200 жуық жұмысшы жұмыс істейді, олар ескі жабдықтарды бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп, өндіріс көлемін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы агрегаттарды орнатады. Зауыт қызметкерлері атап өткендей, кәсіпорынды жаңғыртуға Украинаның жетекші мамандары кеңес береді. Бұдан басқа, бүгінгі күні шаруалармен егін жинау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар толық іске асырылуда.

«Биыл қант қызылшасын өсіретін 782 шаруа қожалығы 414,4 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Бұл бір гектардан 370 центнер. Ақсу қант зауыты 150 мың тонна қызылша өңдемек», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде депутат Қуаныш Сұлтанов өңірдің аграрлық саласы өсімінің оң динамикасын атап өтіп, бұл саланың барлық кластерін дамытуға жақсы серпін беретінін атап өтті.

«Ақсу қант зауытына барған соң, мен қантты жетекші өндіруші ретінде өңірдің бұрынғы даңқын жаңғырту бойынша қандай орасан зор жұмыс жүргізілгенінен үлкен әсер алдым.  Бұл жұмыста әр адам жұмыс істейді: жай жұмысшыдан қазіргі уақытта қымбат және қазіргі заманғы жабдықтарды орнататын жетекші инженерлерге дейін. Бұл жұмыста Сарқант ауданының аграрийлері де белсенді рөл атқарғаны қуантарлық жайт», – деп қорытындылады мәжілісмен.