Жаңғырту жоспары
Тозған құрылғыларды заманауи және жоғары технологиялы құрылғыларға алмастыру.
Алматы облысы, Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде орналасқан Ақсу қант зауыты 1967 жылы салынған және аталған зауыттың осы салада жарты ғасырдан астам жұмыс тәжірибесі бар, ол Қазақстандағы қант өндірісі бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Зауыт Чехословакия Республикасының құрылғыларымен жабдықталған. Жобасын Казгипропищепром институты (Қазақ ССР) Гипросахар институтымен (Мәскеу, Ресей Федарациясы) бірлесе отырып әзірлеген.
Өзінің 50 жылдығы қарсаңында ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты екінші рет өз жұмысын жаңғыртты. 2015 жылы 25 қыркүйектен бастап зауыт қант қызылшасын қабылдауды бастап, қараша айында алғашқы қантты өндірді.
10 жылдан артық уақыт тоқтап тұрған зауытты рекордтық қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келтіруге Алматы облысы әкімдігі, «Энергомост» Консорциумы ұжымы және Ақсу қант зауытының бірлесіп атқарған жұмысы мүмкіндік берді.
1967 жылдан бастап Ақсу зауыты қала құраушы кәсіпорын болып табылады. Зауыттың өз жұмысын бастауы аралас өндірісте ондаған мың отбасыларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы ауданның дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, қант қызылшасын өсіретін ауыл шаруашылық жерлері иеленіп отырған аумақты біршама арттыруға да мүмкіндік берді.
Зауыттың өндрістік қуаты – бір маусымда 450 000 тонна өңделген қант қызышасы және 65 000 тонна қант.
Облыс әкімі Амандық Баталов кәсіпорынның барлық цехтерін аралап көріп, зауытта алынған қантқа баға берді:
«Бүгінгі таңда бұл барлығымыз үшін қуанышты оқиға болып отыр. Ақсу қант зауыты 10 жылға жуық уақыт тоқтап тұрғаннан кейін мемлекеттің қолдауы және жергілікті атқару органдары мен инвесторлардың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде қайта іске қосылды. Зауыттағы барлық технологиялық процестерден кейін ақ қант алынды – бұл жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі. Зауытты 3 жыл қатарынан жаңғыртуды жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның барысында тозған құрылғылар толықтай заманауи, жоғары технологиялы түрлеріне алмастырылады. Аталған құрылғылардың бір бөлігі сатып алынған және кәсіпорынның қоймаларында сақталуда.
Бүгінгі таңда зауытта 500 адам еңбек етеді, оның ішінде, кәсіпорын ашылған сәтінен бастап жұмыс жасап келе жатқан мамандар бар. Олардың қосқан үлесі орасан зор. Сонымен қатар, зауыттың іске қосылуы нәтижесінде Ақсу ауданында жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайыздан 4,7 пайызға кемігенін айта кету керек. Бұдан басқа, зауыттың Жансүгіров кентіндегі колледжбен кәсіпорында жұмыс жасау үшін 50 астам маман даярлауға мемлекеттік тапсырыс базасында уағдаластығы бар».
Жаңғыртудан кейінгі зауыттың өндірістік қуаты – бір маусымда 450 000 тонна өңделген қант қызылшасы және 65 000 тонна қант шығару.
Жұмыскерлер саны – 600 адам.
Жалпы инвестиция сомасы 15 млрд теңгені құрайды, оның ішінде, 5 млрд теңге – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ негізгі құрылғыларын жалға алу.
2018 жылғы өндірістік маусымның нәтижелері бойынша Ақсау қант зауыты 85 мың тонна қант қызылшасын өңдеп, 10 мың тонна қант өндірген.
Тозған құрылғыларды заманауи және жоғары технологиялы құрылғыларға алмастыру.
2019 ж. - 180 000 т дейін қант қызылшасын өңдеу және 22 000 т қант өндіру.
Өнімнің жоғары сапасы және міндеттемелерді сөзсіз орындау