Алматы Облысында Қант Қызылшасының Егісі 11,2 Мың Гектарға Дейін Ұлғайтылады
- 602
Егін егу қарсаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде қызылша шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді.
Айта кету керек, биыл Алматы облысында қант қызылшасының егісі 11,2 мың гектарға дейін ұлғайып, жоспарлы жинау 414,4 мың тоннадан асады, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынды ашқан Амандық Баталов өткен жылы мемлекеттік қолдау мен бірлескен күш-жігердің арқасында облыста қант қызылшасын жалпы жинау 334 мың тоннаны құрағанын, ал биыл 414,4 мың тоннадан астам астық жинау жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұдан басқа, өңдеу мәселелері дұрыс шешімін табуда.
«3 жыл ішінде Көксу зауыты толық жаңғыртылды,бұл оның өнімділігін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік берді. Қазір Ақсу зауыты қайта жаңғыртылуда,бұл үлкен және маңызды жұмыс. 1 қазаннан бастап жаңғыртылған кәсіпорын жаңа жабдықта қайта өңдеуді бастайды. Сонымен қатар, биылғы жылы облыста аграрияларды қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшін қосымша тағы да 7 сервистік-дайындау орталығы құрылатын болады. Сапалы тұқыммен қамтамасыз ету бойынша барлық қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті А. Баталов.
Аймақ басшысы қайта өңдеушілерге арнаған сөзінде барлық қызылша өңделіп, шаруа қожалықтарымен тапсырылған өнім үшін уақытында есеп айырысу маңызды екенін атап өтті.
Бұдан әрі көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров баяндама жасады.
С. Бескемпіровтің айтуынша, өткен жылы облыста 5 сервистік-дайындау орталығы құрылды, 114 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Сондай-ақ 14 мың п.е. сапалы француз және германдық қант қызылшасының тұқымдары сатып алынды. Жалпы осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге жұмсалды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылды. Сөз сөйлеушінің айтуынша, осы жылы алға қойылған мақсатқа жету үшін 11,5 мың га жер жыртылды. Облыстың қызылша өсіретін шаруашылықтарынан өтінімдер бойынша 16775 қ. б. қант қызылшасының тұқымдары сатып алынды, оның ішінде 3480 қ.б. «Тиссерин» және «Игорь» тұқымның шірімеуге төзімді жаңа будандары. 7 сервистік-дайындау орталығына келетін болсақ, олар биыл Ақсу, Алакөл, Қаратал, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында құрылған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1,7 млрд.теңге бөлінді. 132 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Қант қызылшасының 1 тоннасы үшін сатып алу бағасы 17 мың теңгені құрайды, оның ішінде 8 мың теңгесі зауыт төлейді, 9 мың теңгесі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидия түрінде төленеді.
Кездесу барысында Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов пен Ақсу қант зауытының директоры Мұрат Төлегенов сөз сөйледі.
Өз кезегінде қызылша өсіретін шаруашылықтардың басшылары көмек көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, бірқатар мәселелерді көтерді, олардың ішінде қант қызылшасын тастардан тазарту үшін арнайы техника сатып алуға қолдау көрсету, Шеңгелді ауылдық округі ауданында кагат алаңын құру, осы ауданға тасымалдау үшін қосымша Камаз сатып алу. Сондай-ақ, сол Шеңгелді ауылдық округіндегі суару жүйесіне және сорғы станцияларын жаңғыртуға назар аудару қажет.
Облыс әкімі атап өткендей, әрбір мәселе егжей-тегжейлі қаралып, қажетті қолдау табатын болады.